$ 443.85  474.3  4.8

Алматы қаласының бас санитар дәрігері карантинге жатқызылды

Ол коронавирус жұқтырған азаматпен бір ұшақта болған.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова үй жағдайында карантинде жатыр. Бұл туралы Молдақасымованың орынбасары Әсел Қалықова Алматыда өткен брифингте хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол коронавирус жұқтырған азаматпен бір ұшақта болған.

"Айзат Молдақасымова Франкфурт-Алматы рейсінде болған. Осы рейстен бір адамның вирус жұқтырғаны хабарланды. Ол кісіге де стандартты тексеру жүргізілді. Нәтиженің теріс болуына байланысты және ол келген ел 2 "б" санатында болғандықтан, үйіне жіберілді. Алдағы уақытта дәрігердің бақылауында болады", - деді Қалықова.

Молдақасымова өзінің коронавирус жұқтырған азаматпен сөйлеспегенін айтып отыр.

"Мені ауруханаға жатқызып, сол жерде анализ алды. Нәтижесі теріс болды. Мен коронавирус жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған жоқпын", - деді Айзат Молдақасымова Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айта кетейік, қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы коронавирус тіркелмеген елден Германия арқылы келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары