$ 514.65  544.6  5.17

«Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды» - 2014 жылдан бергі адвокаты

Сұңқар Нұрмағамбетов тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Желіде “Есірткі тасымалдады” деген айыппен Қытайда жазасын өтеп жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай елге оралатын болды деген ақпарат таралып жатыр. Осы ақпаратқа қатысты тілшіміз істі жүргізіп жүрген Ақжарқын Тұрлыбайдың 2014 жылдан бергі адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовпен хабарласып, мән-жайды білді. 

Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды. Желіде кең таралып кеткен ақпарат - жалған.

"Гуанчжоу соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарған сәттен бастап біз апелляциялық шағым түсірдік (10 күн ішінде). Апелляция күні жабылған жоқ. Дәл қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды",- дейді адвокат.

Сұңқар Нұрмағамбетов тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

"А.Тұрлыбайды ҚХР-дан ҚР-ға ауыстыру Қытай сотының үкімі заңды күшіне енгеннен кейін мүмкін болады. Осыдан кейін екі елдің өзара байланысына, қарым-қатынасына сүйене отырып, трансфер жасалады. Әрине, Ақжарқын Тұрлыбай ҚХР юрисдикциясынан ауысуға ниетті. Алайда, процедураның мерзімі әлі талқыланған жоқ.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Ақжарқын Тұрлыбай өтініш беріп, жазасын өз елінде өтей алады» – Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қашан оралуы мүмкін екенін айтты

Осы істі шешуге ҚР президентінің де ықпал етіп жатыр деген мәліметке қатысты айтарым, мемлекет басшысы А.Тұрлыбайдың отанға ауысуына мүдделі және барлық әрекеттерді жасауда. Өзіңдеріңіз білетіндей, ол кәсіби дипломат және синолог", - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары