$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус: пойыз билеттерін сатып алу ережесіне өзгерістер енгізілді

Компания "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның барлық кассасы үзіліссіз қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Фото: ресми сайттан
Фото: ресми сайттан

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты пойыз билеттерін сатып алудың жаңа ережелерін жариялады, деп жазады Sputniknews.kz.

14 наурыздан бастап Қырғызстан мен Ресей Федерациясына өтуге уақытша шектеу қойылады.

Жолаушылар пойызына билеттер тек төлқұжатпен немесе шетелдік төлқұжатпен рәсімделеді.

Бұл елдерге теміржол билетін сатып алу үшін жеке куәлік пен туу туралы куәлікті пайдалануға уақытша тыйым салынды.

12-13 наурызда билеттерді сатып алу және қайтаруға сұраныстың көп болуына байланысты барлық сайт, оның ішінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияның" bilet.railways.kz сайты жұмыс істемей қалған кездер болды. Кеше кешке бұл сайттар қалпына келтірілген.

Компания "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның барлық кассасы үзіліссіз қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ тапсырыс берушілерден сұраныс санының артуына байланысты билет сатып алу және қайтару процесінің созылып кетуіне түсіністікпен қарауды сұрады.

Сондай-ақ, компания әрбір тапсырыс тасымалдау ережесіне сәйкес өңделетінін мәлімдеді.

Билеттің ақшасын қайтару оны сатып алу әдісіне байланысты қолма-қол ақшамен және банк аударымы арқылы жүзеге асырылады:

пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей өткізілген билеттің толық құны қайтарылады;

24 сағаттан кем, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан кем емес уақытта өткізілген жол жүру құжатының құны және плацкарт құнының 50% -і қайтарылады;

пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан кем, бірақ пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан кешіктірмеген жағдайда

плацкартаның толық құны ұсталады, бірақ жол жүру құнының 30%-інен аспайды;

пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өткен соң билет қайта өткізілмейді, ақша қайтарылмайды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары