15.03.2020, 09:45

Тоқаев коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Фото: Sputniknews.kz
Мемлекет басшысы бұл жайлы әлеуметтік желіде жазып, коронавирусқа қатысты қазіргі ахуал толықтай бақылауда екендігін жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы бұл жайлы әлеуметтік желіде жазып, коронавирусқа қатысты қазіргі ахуал толықтай бақылауда екендігін жеткізді.

"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам анықталған еді. Қазіргі таңда олардың саны 6 адамға жетіп отыр. Бұған дейін біз әнші және композитор Марат Омаровтың коронавирус жайлы ән айтып, елді елең еткізгені туралы ақпарат жариялаған едік. Одан бөлек, осыдан 12 жыл бұрын америкалық экстрасенстің коронавирус туралы болжам жасап, жорамалын кітапқа жазып кеткендігін туралы да мәлімет берген болатынбыз.