$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылған адамдарға жалақы төленеді

Қашықтан жұмыс істейтін мұғалімдердің де жалақысы сақталады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коронавирусқа байланысты карантинде отыратын адамдарға еңбекақы төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, ауруханаға немесе үйге карантинге жатқызылған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Сол бойынша жәрдемақы төленеді. Қашықтан жұмыс істейтін мұғалімдердің де жалақысы сақталады. 

"Ендігі мәселе – өндірісті уақытша тоқтату кезінде жұмысшылардың еңбекақысын төлеу. Осы жылдың 13 наурызынан бастап кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдары жабылды. Осыған орай, кейбір кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр", - деді Нұрғалиев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскерге байланысты емес себептер болса, жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын ақы төленеді.

"Егер еңбек шарттарында немесе ұжымдық шарттарда бұл мәселе қарастырылған болса, одан да жоғары ақы төлеуге мүмкіндік бар", - деп түсіндірді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары