Бұған дейін ломбартың жарнамасына түсіп, көпшілік алдында басы дауға қалған спортшы Қуат Хамитов тағы да сынның астында қалды. Ол коронавирусқа сенбейтінін Instagram парақшасына жазған. "Найман" лақап атымен танылған қазақстандық файтердің бұл жазбасын көріп қалған көзі қырағы оқырмандар болса, оны жерден алып, жерге салуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Коронавирус туралы оқиғадан кейін біз ешқашан жаңалықтарда айтылып жатқандарға сенбеуіміз қажет! Бұл вирус ойдан құрастырылған, жалған!", - деп жазба жариялаған Қуат Хамитовтың бұл тұжырымы оқырмандарына ұнамай қалған секілді. Тіпті, оның ломбард жайлы жарнама жасағанын есіне салып, "Есесіне Гарант ломбард әрдайым шындықты айтады емес пе және оларға сенуге болады ғой, иә, Қуат?", "Гарант 24? Ұят болды", - деп мысқылдап жатқандар да бар.
Желі қолданушылары спортшының коронавирус туралы деректерге сенбейтініне аң-таң болып, оның көзқарасына қарсы уәждерін жіпке тізді.
Мәселен, "Егер өтірік болса, неге футболды тоқтатып тастады? Осыған жауап берші, өтірік, ойдан шығарылған болса", "Аға, сіздің жазғаныңызды көпшілік оқиды. Мұндай дүниелерді жазбаңыз, мұның соңы жақсылыққа апармайды","Бүкіл әлем іс-шаралар өткізуден бас тартты. Футбол матчтары, хоккей, концерттер, тіпті, UFC деп жұрт алдына шығатын сәттерін белгісіз уақытқа шегеріп жатыр. Саясаткерлердің ойыны дегеніңіз сандырақ! Сіз бүкіл әлемдегі саясаткердің бәрі келісіп алған деп ойлайсыз ба!?".
Тағы оқи отырыңыз: «Коронавирус нет, нет, нет!»: Марат Омаров «су жаңа әнді» орындап, қоғамдық ахуалға үн қосты (ВИДЕО)
"Егер сол рас болса, жоғарыда отқан шенеуніктерге жұқсын, министрлерге, депутаттарға жұқсын!", "Ох, Ванга ояныпты ғой", "Херня болса Қытайға қыдырып қайтсай", "Соншалық ақымақ, айтар сөзім жоқ", "Наймандарда қанда антивирус бар дейді. Ол жылқы етімен қымыз және дерзкий дух", - деп жазды Instagram-дағы спортшының оқырмандары.