$ 448.89  477.93  4.76

Тоқаев адамзаттың болашағы бұлыңғыр екендігін айтты (ФОТО)

"Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ".
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды" деген саясаткерлердің болжамдары теріске шыққанын жеткізді. Оның бұл сөзін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз.
Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткерлер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты.
Қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Біздің еліміз де дүние жүзінің бір бөлігі.

Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес. Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек.

Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда", - депті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев