17 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам анықталды. Алматы қаласы бойынша тағы үш науқас тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 адам, жалпы 13 науқас тіркелді.
Ауру жұқтырғандардың бірі - он екі жастағы қыз бала. Ол Алматы ауруханаларының бірінде емделуде.
Естеріңізде болса, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді. Осы жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялап, індетті бірге еңсеруге шақырған болатын.