Жаңалықтар 17.03.2020 сағат 09:15

Бір тәулікте шамамен 14 мың адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Сонымен қатар, вирус қазірдің өзінде 151 елде таралған.
Бір тәулікте шамамен 14 мың адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Соңғы 24 сағат ішінде әлемде шамамен 14 мың адам жаңа коронавирус жұқтырды, 862 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, күніне 13 903 жаңа инфекция анықталды, олардың тек 29-ы материктік Қытайда болды. Осылайша, әлемде жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі уақытта 167 511-ге жетіп отыр.

Қытайдан тыс жерде COVID-19-дан 848 адам қайтыс болды. Әлемде өлім жағдайларының жалпы саны 6606-ға жетті, оның 3388-і ҚХР-дан тыс.

Сонымен қатар, вирус қазірдің өзінде 151 елде таралған.

Қазақстанда қазіргі уақытта COVID-19 вирусының 10 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде, сегіз адам Алматыдағы ауруханаларда және екі адам Нұр-Сұлтанда, тағы бір қазақстандық Германияда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар