ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанды карантинге жабуы мүмкін екендігін Қазақстан ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазіргі таңда Қазақстанның коронавирусқа байланысты жағдайы мәз емес. Бүгінгі күні ауруға шалдыққандардың саны екі есе артып, 27-ге бір-ақ жетті. Алматыда 11 адамнан коронавирус анықталса, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 16-ға жетіп отыр. Осыған байланысты елордада карантин енгізілуі мүмкін екен.
"Б жоспары бойынша қаланы карантинге жабу ойымызда бар. Мұны енді жергілікті басқару органдары шешеді. Бүгін сондай мәлімет болатын шығар. Олай болса Нұр-Сұлтан толығымен карантинге жабылады", - деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда ауруға шалдыққан тағы 14 адам анықталған еді.