Жаңалықтар 17.03.2020 сағат 14:30

Жалған 5 мың теңгемен сауда жасамақ болған жұмыссыз жігіт құрықталды

Тергеу кезінде күдікті кінәсін толық мойындап, айғақ заттар алынды.
Жалған 5 мың теңгемен сауда жасамақ болған жұмыссыз жігіт құрықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

5 мың теңгелік жалған банкнотпен сауда жасаған 20 жастағы жұмыссыз жігітті Өскемен қаласының полициясы қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 10 наурыз күні болған. Кешқұрым жас жігіт қала дүкендерінің біріне кіріп, бірнеше сусын сатып алмақ болады. Төлем жасайтын кезде кәдесый орнына берілетін жалған бес мың теңгені ұсынған. Оны аңғармай қалған сатушы “клиентіне” төрт мың теңгедей қайтарымын ұстатып жіберіпті. 

Тергеу кезінде күдікті кінәсін толық мойындап, айғақ заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігіне сәйкес “Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар