$ 439.43  473.31  4.82

Шымкентте жұртты жұмысқа тұрғызамын деп ақша жинап алған алаяқ ұсталды

Полицейлерге ең бірінші болып 31 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол жұмысқа орналастырамын деп уәде берген танысына 170 мың теңге беріп, алданып қалғанын айтып отыр. Дәл осы күні осыған ұқсас арыздармен тәртіп сақшыларына бірнеше адам шағымданды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 1986 жылғы Шымкент тұрғынын ұстады. Адамдардың сеніміне кірген күдікті, оларға түрлі құжаттар дайындап беруге және тағы басқа да қызметтер көрсетуге уәде беріп, 300 мың теңгеден астам қаражатты алдап алған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өңірде алаяқтық фактілерінің көптеп орын алуына байланысты полицейлер жергілікті тұрғындарды барынша сақ болуға, танымайтын адамдардың күдікті ұсыныстарынан бас тартуға шақыруда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары