19.03.2020, 00:05

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды (ВИДЕО)

Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді. Санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.

 

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды.

Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді. Санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.

Бұл ретте, Үкімет екі мегаполиске кімдердің кіріп-шыға алатынын түсіндірген болатын.