19.03.2020, 15:15

Испаниядағы қазақ диаспорасы «қысым көріп жатқан» қыздың жазбасына пікір білдірді

Көбі студенттер жалған сөйлегенін және өтірік айту дұрыс емес екенін айтып жатыр. Бірақ олар өздеріне жазылған теріс пікірлерді өшіріп тастаған.

Испаниядағы қазақ диаспорасы қысым көріп жатқан қазақстандық қыздың жазбасына пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Студент қыздың жазбасын оқып, кішкене таңғалып қалдық... Испанияда бірнеше жылдан бері тұрып, олардың ұлтшылдық әрекетін байқамаппыз. Тіпті испандардың сен азиялық екен деп басқаша қарағанын, дүкенде нан сатпай қойғанын елестете алмаймыз. Оның бәрі өтірік! Испаниядағы дүкендер мен дәріханалар барлығына бірдей қызмет көрсетеді.

Көбі студенттер жалған сөйлегенін және өтірік айту дұрыс емес екенін айтып жатыр. Бірақ олар өздеріне жазылған теріс пікірлерді өшіріп тастаған. Ал студенттерді аяп, алаңдаушылық білдіріп, елшіліктің қызметіне көңілі толмай, бүкіл БАҚ беттеріне шағым айтсын деген пікірлер өшірілмеген".

"Студенттер әлемдегі жағдайды пайдаланып, алдын ала келісіп алып, мемлекет тарапынан елге қайтып алуды ойластырған деп ойладық. Бәлкім әуе билеттерін алатын ақшасы болмаған шығар. Әуежайлар жұмыс істеп тұр, сондықтан олар кез келген уақытта өздері қайта алады", - дейді диаспора өкілдері. 

Диаспора өкілдері жазба авторларына қатысты шара қолдану туралы хат жазбақ. 

Тағы оқи отырыңыз: 

«Қазір, тіпті, ұйықтауға қорқамыз»: Испанияға барған қазақстандық студенттер министрліктерден көмек сұрады

Білім және ғылым министрлігі Испанияда академиялық мобильдікте жүрген ҚазҰУ студенттерінің жазбасына пікір білдірді. 

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов студенттерге университетет тарапынан билет сатып алынғанын айтты.

"Сіздердің өтініштеріңіз бойынша ҚазҰУ ертеңге билет сатып алды. Сағат 11:20-дағы Мадрид - Мәскеу - Алматы рейс. Ұшуға дайындалыңыздар", - деді вице-министр. 

Испаниядағы студенттер Білім және ғылым министрлігіне алғыстарын білдірді. 

Тегтер: Испания