$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда коронавирустың 10 ошағы белгілі болды

Тұрғындар сұрақ қою үшін 1406 және "Open Almaty" 1308 нөмірлеріне, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алады.

Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында COVID-2019 ошақтары аумағында қала тұрғындарының қозғалуына шектеу енгізілді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қаласына әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінгі күні Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 22 оқиғасы зертханамен расталды. Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды, байланыста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылды.

Қалада инфекцияның 10 ошағы анықталды, олардың аумағында 2 жеке және 8 көппәтерлі үйлер орналасқан:

– Алтай-1 ш.а., 8;

– Жасқанат ш.а., 86;

– Еңлікгүл, 34 А;

– Зенков, 59;

– Достық, 162;

– Гоголь, 75;

– Сары - ой, 234;

– Жароков, 16;

– Желтоқсан, 125;

– Байтұрсынов, 78/1.

Барлық ошақтарда коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар жүргізілуде. Медицина қызметкерлері инфекция ошағында орналасқан барлық тұлғалардың жағдайына мониторинг жүргізуде. Кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейте отырып, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Жалпы алғанда, қазір қаланың провизорлық госпитальдарында 696 адам карантинде жатса, үй карантинінде 1108 адам бар", - делінген ресми хабарламада. 

Бір ескерте кетерлігі, тұрғындар сұрақ қою үшін 1406 және "Open Almaty" 1308 нөмірлеріне, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алады. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін 382-33-50 нөміріне хабарлау керек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары