$ 494.87  520.65  4.91

Көлгінов карантин жағдайына адамдардың түсіністікпен қарайтынына қуанышты

6 блокпост Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Осы елді-мекендердің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың барлық блокпосттарының жұмысын тексерді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 "Елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Осы елді-мекендердің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекарасына енгізілді. Қалған тұрғындарға қалаға кіріп-шығуға 22 наурыз сағат 00-ден бастап тыйым салынады. 

"Қалада карантин жарияланды. Барлық қабылданған шаралар бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отып. Көптеген адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды, бұл - қуантарлық жайт. Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс Демек, блокпостарда қатаң ережелер бар. "Жасыл дәліз" азық-түлікпен қамтамасыз ететін көліктер үшін ұйымдастырылды. Блокпостарда бақылау аймақтары мен қызмет көрсету пункттері орнатылған, барлық учаскелерде әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері еңбектеніп жатыр. Санитарлық шаралар күшейтілді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 
 

Көлгіновтің  айтуынша, қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын. Азаматтарды — үйден қажетсіз шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары