$ 514.65  544.6  5.17

Алматыда карантинді «пысқырмаған» 2 дәмхананың басшысы жауапқа тартылды

Полиция өкілдері карантин режімін бұзғандар әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті.

Алматыда полиция карантин мезгілінде жұмыс істеген екі дәмхананың басшылығын жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Бұл екі нысан да Алатау ауданында орналасқан. Учаскелік инспекторлар жүргізген рейд барысында көңіл көтеретін екі мекеме де бұрынғы режіммен істеп тұрған. Учаскелік инспекторлар төтенше жағдай талаптарына бағынбаған кәсіпкерлерге ҚР ӘқбК-нің 476-бабымен әкімшілік іс қозғап, ауданаралық азаматтық істер бойынша сот шешімімен екеуіне де айыппұл салынды», - деді Алатау аудандық ПБ басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Полиция өкілдері карантин режімін бұзғандар әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары