$ 514.65  544.6  5.17

Нұр-Сұлтан мен Алматының тұрғындары COVID-19 тестінен тегін өте алады

Ол уақытта Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ, алайда, сол кезде оларды анықтау да мүмкін болмаған.

Сәуір айында астаналықтар мен алматылықтар коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тестті тегін өте алады. Олардың арасына күз және қыста тұмауратып шыққан адамдар да кіреді. Олар коронавирусты анықтау мүмкін емес кезде вируспен ауырып шыққан болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Экспресс-тестті міндетті түрде өтетін адамдарды бірнеше топқа бөлдік. Олардың бірі - 2019 жылдың қараша-желтоқсанынан 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында вирусты ауруларды жұқтырған азаматтар", - деді "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Ол уақытта Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ, алайда, сол кезде оларды анықтау да мүмкін болмаған.

"Коронавируспен ауырып шыққан адамдар тобы болуы мүмкін. Сол кезде бізде тест болған жоқ. Ал реагенттерді өндірушілер оларды әлі шығармаған, ал Қазақстанда қолжетімсіз болды. Елімізде тек қазір ғана экспресс-тесттер пайда болды, реагенттерді өндіруші компаниялар індетке байланысты оларды шығара бастады", - деп түсіндірді Сүлейменов.

Оның айтуынша, экспресс-тест адам мұның алдында COVID-19-бен ауырып, жазылып шықса да реакция береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус