$ 448.15  483.46  4.86

«Менің тазым – алтын қазынам»: қарағандылық орыс қыз өзінің саятшылық өнерін әйелдерге үйретпек

Үстіндегі оқалы шапаны, қарсақ тымағы, жетектеген иті шынайы болмысына жараса кеткен саятшы қыз, бұл хоббиын ұлт талғамайтын өнер деп біледі.

Қарағандылық оқушы қыз Анна Захарова ұлты орыс болса да саятшылық өнерді дәріптеп жүр. Өзі құмай тазы баптап, талай халықаралық жарыста топ жарған. 11 сыныптың оқушысы көпқабатты үйде тұрса да бос уақытында далада ит жүгіртіп, қансонарда аңға шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БАҚ жаңалықтарын негізге ала отырып.

Қазақтың тазысын сенімді серігі санаған қаршадай Анна енді бекзада өнерді әйелдер арасында дамытқысы келеді. Өзі итті құр мақтан үшін ұстамайтынын жеткізді. Үстіндегі оқалы шапаны, қарсақ тымағы, жетектеген иті шынайы болмысына жараса кеткен саятшы қыз, бұл хоббиын ұлт талғамайтын өнер деп біледі. Сондықтан да достары оған Джек атты тазыны сыйлаған.

«Менің тазым – алтын қазынам. Қазақтар құмайды тегін ұстамаған. Ашаршылық жылдары бір тазы аң аулап, бүтін бір ауылды асыраған», - дейді Анна Захарова.

Тазысы қоян мен қарсақты көп аттаттырмай қағып түсіретін саятшы қыз халықаралық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Жақында ғана кезекті додада бірінші орынды еншілеген.

«Ешкімді жатсынбайды. Ерекше бала. Тазыға өте құмар. Өзіміздің қазақтың балалары секілді», - дейді Аннаның саятшы ұстазы Рамазан Үсеев.

Саятшы қыз болашақта жер үйге көшіп, құмай тазыны көптеп асырауды көздеп отыр. Сөйтіп, ер адамдарға тән болып келген өнерді нәзік жандыларға да үйретпек ойда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары