$ 449.58  486.94  4.86

Нұр-Сұлтанда тағы екі адам коронавирус жұқтырған

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы сағат 09.00-дегі жағдайға сәйкес коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді", - делінген министрліктің ресми хабарламасында. 

Естеріңізде болса, 16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары