$ 448.15  483.46  4.86

«Науқастың жағдайы ауыр дәрежеде»: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 57 адамға жетті

Екінші науқас - шетел азаматы, Қазақстанға Лондоннан ұшып келген.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы сағат 13.30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 57 науқас тіркелді", - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде. 

Ал Tengrinews.kz "22 наурызда коронавирус жұқтырған 2 адам тіркелді. Біріншісі - Қазақстан азаматы. Диагностика барысында коронавирустық инфекцияның болуы расталды. Бұл науқастың дене қызуы көтерілмеді, бірақ жағдайы ауыр дәрежеде. Екі жақты пневмонияның болуы, бірінші дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі бар", - деген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың мәлімдемесін жариялады.

Дереккөзінше, Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бір адамның денсаулығы нашарлаған.

Екінші науқас - шетел азаматы, Қазақстанға Лондоннан ұшып келген. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары