$ 494.87  520.65  4.91

«Халықты жұмыссыз көп ұстап отыруға болмайды»: кәсіпкер табыссыз қалған азаматтарға Үкімет көмектесуі керектігін айтты

Қажетті заттарды алу үшін олар қаражатты қайдан алады? Егер үкімет осы сұрақтарға нақты жауап бере алмаса, онда халық изоляциямен, төтенше жағдайға қарамай, көшеге шығып, ұрлық пен тонауға көшеді. Ал ондай жағдайда еш полиция мен қарулы күштер ондайды тоқтата алмайды.
Фото: Dalanews.kz
Фото: Dalanews.kz


"Өткен жетінің жаңалықтары майдан жаңалықтарындай ешкімге дамыл берген жоқ" деген белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай "Табыссыз, жұмыссыз халықты көп ұстап отыруға болмайды" деп отыр. Оның ойынша, Үкімет коронавирус құрбаны болған азаматтарына көмек көрсетуі керек екен. Бұл туралы ол, "Марғұлан не дейді?" деп аталатын авторлық жобасының кезекті шығарылымы барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Елде төтенше жағдай енгізіліп, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды. Марғұлан Сейсембай болса, "Осы екі жағдай біздің өмірімізді екіге қақ бөлді. Бұрынғы өміріміздің қаншалық жайбарақат және бейқам болғанын көрсетті. Қазір барлық адамзат үлкен сынның алдында тұр. Кейінгі жылдары медицина саласында немқұрайлы көзқарастың салдары - алдымыздан осындай төтенше жағдай болып шығуда. Барлық адамзат медицина саласына экономикалық тиімділік көзқарасымен қарағандықтан, барлық елдерде емханалар саны, өкпеге оттегін беру құралдары, дәрігерлер саны жетіспей жатыр. Медицина саласы Қорғаныс министрлігі секілді артығымен қаржыландырылып, керекті заттар артығымен тұруы керек еді. Бұл індет адамзаттың мұндай жағдайға дайын еместігін көрсетті. Төтенше жағдайдың және карантиннің түпкі себебі - ол денсаулық сақтау жүйесінің пәрменсіздігі. Егер коронавирус індеті тез таралып, көп адамға жұқса, онда біздің денсаулық сақтау жүйеміз барлық ауырып қалған адамды емдей алмайды. Емханаларымыз тез толып кетіп, дәрігерлер мен өкпеге оттегі беру құралдарының тапшылығына келіп тірелеміз. Сонда сұмдықтардың бәрі басталады. Дәрігерлер емделіп шығуға мүмкіндігі аз адамдарды емдемей қояды. Ал олар қай адамның өліп, қай адамды емдейтінін өздері шешеді. Кәрі адамдар ешбір ем ала алмай, емхана дәліздерінде өліп жатады. Бұл адамның басына сыймайтын сұмдық болып естілсе де, бұл дәл қазір Италияда болып жатқан жағдай", - деді.

Айтпақшы, Марғұлан Сейсембайдың ойынша, коронавирусқа қарсы нәтижелі дәрі ойлап табу үшін кем дегенде 6 ай уақыт керек екен.Сондай-ақ, ол карантин кезінде Қазақстан билігінің жасап жатқан шараларын "өте дұрыс" деп бағалады. Мұнымен тоқтамай, төтенше жағдайдың әрі қарайғы салдары қандай боларына болжам жасады.

"Біздің экономикамызда карантин мен төтенше жағдайдың себептерінен болатын дағдарыс пен күйзелістің өзі екі мәселеден тұрады. Біріншіден, карантин 1 ай немесе 2 ай бола ма, оны ешкім білмейді. Қанша уақыт болғаныменен, екі ірі қалада қамалып отырған миллиондаған халық, оның ішінде, табыссыз отырған ер адамдар не істейді? Қажетті заттарды алу үшін олар қаражатты қайдан алады? Егер үкімет осы сұрақтарға нақты жауап бере алмаса, онда халық изоляциямен, төтенше жағдайға қарамай, көшеге шығып, ұрлық пен тонауға көшеді. Ал ондай жағдайда еш полиция мен қарулы күштер ондайды тоқтата алмайды. Сондықтан Үкімет еріксіз төтенше жағдайдың құрбаны болып қалған халықтың қаражатын қамтамасыз ету керек. Басқа елдерде, мысалы Ұлыбритания, АҚШ, Алмания елдерінде Үкімет өздерінің табыс қалып қалған азаматтарына 1000 доллар төңірегінде көмек көрсетуде. Біздің де Үкіметіміз сондай азаматтарға көмек көрсетуі керек. Халықты табыссыз, жұмыссыз көп ұстап отыруға болмайды", - деп өз ойын ашық айтты. 

Оған қоса ол, төтенше жағдай мен карантиннің құрбаны болып отырған бизнес өкілдері мен шағын және орта бизнестің ахуалына тоқталды. Оның ойынша, бұл кезеңде үкіметтің қолға алған шаралары жеткіліксіз екен, яғни, экономика саласында терең реформаларды жасау керек көрінеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары