$ 514.65  544.6  5.17

Елордада заңды белшеден басқандарға қатысты тергеу басталды

Қоғамдық орындардың кейбірі жұмыс кестесін бұзған.
Фото: passion.ru
Фото: passion.ru

Елордада негізсіз қымбат бағамен 5 мың маска және 1200 литр антисептикалық құрал сатылған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Заңды белшеден басқан осындай 15 дерек тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы медициналық бұйымдар құнын негізсіз көтерген кәсіпкерлермен күресті жалғастырып жатыр. Бұдан бөлек, жедел топ төтенше жағдай режимін бұзудың 48 фактісін анықтады. Яғни, қоғамдық орындардың кейбірі жұмыс кестесін бұзған. Аталған деректер бойынша әкімшілік тергеу басталды.

Ал, қымбат бағамен сатылған медициналық тауарлар сот үкімімен тәркіленеді. Прокуратура жанынан құрылған жедел топтар рейдтік шараларды жалғастыра бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары