$ 514.65  544.6  5.17

Елорданың орталық көшелері тып-тыныш (ФОТО)

Астаналықтарға вирустың таралуын мейлінше азайту үшін үйде отырып, жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берілді.

Нұр-Сұлтан көшелерінде адам аз, тұрғындар үйінде отыр, коммуналдық және жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Барлық эпидемияға қарсы шара Наурыз мейрамына тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан ел тарихында алғаш рет Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта тойлануда. Астаналықтарға вирустың таралуын мейлінше азайту үшін үйде отырып, жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берілді», хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Еске сала кетсек, 22 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап елордаға кіру және шығу жолдары толығымен жабылған еді. Сол себепті, қазір қалада кәсіпкерлердің карантин режимін сақтауын тексеру мақсатында рейдтер өткізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары