$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визасының уақыты 20 сәуірге дейін ұзартылады

ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың осында болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылданды.

Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтардың визалары мен жұмыс істеу рұқсаттары 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзартылатын болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ, 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады. Осы санаттардағы шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайды", - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары