22 наурызда 803 отандасымыз шет елдерден Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлады Sputniknews.kz, Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің дипломаттары біздің туристерді Шарм эль Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуға қолғабыс көрсетті.
"Scat әуе компаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия қалаларында уақытша болған азаматтарымыздың қатарына қосымша жолаушылар отырғызылған. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазақстандық дипломаттар Түркиядан 536 азаматты елге жіберуге көмек көрсеткен. Бұдан бөлек, 32 азамат Венгрия мен Оман мемлекетінен елге жіберілді.