Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы бір адамға көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 61 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 наурыз, сағат 12.40-де жариялаған хабарламасында.
Реті келгенде айта кетейік, ел тұрғындары биліктің осындай тек «сан қуған» ресми мәлімдемелеріне наразы. Олар өздерінің сақтанып жүрулері үшін сырқаттанған адамның аты-жөні аталмаса да, қай аймақта, қайсы тұрғын үйде тұрғанын білгеніміз дұрыс еді деседі.