$ 498.34  519.72  4.85

«Абай-175»: Өзгент мектебінде он күндік шара өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Өзгент ауылындағы №245 орта мектебі он күндік іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» атты әдеби-сазды кеште ақынның өміршең өлеңдері, құндылығы уақыт өткен сайын арта түскен қарасөздері мен әсерлі әуенге бай әндері шырқалды. Осы шарада 5-11 сынып оқушылары Абай аталарының өлеңдерін жатқа білетінің байқатып, бірінен-бірі іліп алып кетіп, жалғастырып жатты. Әлемнің 33 тіліне аударылған шығармасынан 15-ке жуық тілде өлеңдері оқылды. Мектептің үлгілі оқушылары Тәттібала, Ақерке, Ұлболсын, Әйгерім, Гүлбаршын, Ақторғын, Ораз, Бақберген, Индира, Асылжан, Әсет Алина көп тілден хабары бар екенін ұңындырды. Осы тұста оқушыладың тіл білуге ынталары жоғары екенін аңғартты. Жібектей нәзік үнімен әндеткен Әдемі Сәрсенбек «Көзімнің қарасы» әнін ағылшын тілінде жеткізді.

Әдеби сазды кеште шығармашыл ұстаздар да өз өнерін ортаға салды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлмира Егізбаева оқушыларымен бірге бірнеше әнді гитара үніне қосып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал, лаборант Фарида Айтқұлова, бастауыш мұғалімі Фитима Ерімбетова, ұлағатты ұстаз Ләззат Сейтханова және аспазшы Жолдаова Жанерке де шәкірттерден қалмай, ақынның тәлім-тәрбиелік мәні зор өлеңін жатқа оқыды. Мектеп жанынан ашылған «Көркем» шағын орталығының тәрбиешісі Ғалия Досжанова мен тәрбиеленуші балақай Жұбаныш Асан өлең оқыды.

Шара соңында мектеп директоры Нұркен Смет сөз алып, әріптестерінің жұмысын жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі. «Біз Абайды тану арқылы өзімізді танимыз. Орыстар үшін – Пушкин, ағылшын үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай құнды болса, қазақ үшін Абай Құнанбайұлы сондай биік тұлға болып қалады» дей келіп, Абайдың жолы – кемелдену жолы екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай #ақын