$ 449.58  486.94  4.86

«Абай-175»: Жаңақорғанда рухани шара өтті

Ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мектептерде жүйелі өткізілуде. Сондай шараның бірі №163 мектебі мен аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірге өткізген рухани шара болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында мектептің ортаңғы сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабына талдау жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Несіпкүл Шерова шәкірттерін Абай тағылымымен сусындатты.

Балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова «Абай жолы» романының бірінші кітабына тоқталып, қызықты тұсын балалармен талқылады. Жеті бөлімнен тұратын кітапты балалар тереңінен талқылап, өз ойларын айтты. Абайдың Семейге оралуы, Қодар мен Қамқаның өлімі, әке мен баланың бір-біріне сыни пікірлері де қамтылды. Тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесімен балалар кітапханасының қызметкері Жанат Төлешова таныстырды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары