$ 498.34  519.72  4.85

«Абай-175»: Жаңақорғанда облыстық семинар өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы асында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылдық округіндегі №52 Б.Аралбаев атындағы мектепте «Әлем таныған ұлы Абай» атты облыстық семинар өтті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен семинарға аудан әкімі Сұлтан Мақашов арнайы қатысты. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының бас маманы Мөлдір Жаукеева, білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов болды.
Алдымен қонақтар №52 мектептің дайындаған көрмесін аралап, білім ордасының рухани-мәдени бағытта атқарылған бастамаларымен танысты. Келушілерді «Мобильді кітапхана» жобасы қызықтырды.

Семинар аясында облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақниет Ерахан, облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» №195 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Әтіркүл Мұстиярова, №53 Романов атындағы мектептің кітапхана меңгерушісі Мадина Молжанова, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» №193 мектебінің кітапхана меңгерушісі Салтанат Дәукенова, №209 мектебінің кітапхана меңгерушісі Бактыгүл Сүлейменова, №160 мектебінің кітапхана меңгерушісі Нағима Икрамова марапатталды.

Шарада Абайдың рухани мұрасын дәріптеудің мәнісі жан-жақты айтылды. Бастысы, мектеп кітапханашылары бір-бірімен тәжірибе алмасып, оқушының кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолдарын талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары