$ 494.87  520.65  4.91

«Абай-175»: Жаңақорғандық оқушы ақын өлеңдерін жатқа оқиды

Жаңақорғандық оқушы Бірғаным Әбілпатта Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер-білім фестивалінің облыстық деңгейінде дараланды.  Ол 100-ден аса білімпаздың ішінде білімі мен зеректігімен көзге түсті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фото: Egemen.kz
Фото: Egemen.kz

№125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 8 сыныбында оқитын жас талап, мектептің мақтанышы, сыныбының үздігі.

Бірғаным «Қобыланды батыр» жырын жатқа біледі. Демалыс күндерінде кітаппен сырласатын оның ұстанымы әрбір күнінде пайдалы ілім алу. Шабыты келгенде қалам тербеп, өлең жазатыны да бар. Бұл тектен келген қасиет сияқты. Немере ағасы алаш жұртына мәшһүр ақын Әбілқайыр Сыздықов. Әкесі де өлеңнен қара жаяу адам емес. Білімпаз жас білім ордасында жыр мүшәйраларына қатысып, бағын сынап үлгерген. Өнерлі өреннің ата-анасы қызының әр жетістігінде қасынан табылып, шынайы қолдау білдіріп келеді.

Бірғаным өнердің түр-түрін меңгеруге мән берген өспірім. Ол аудандағы «Әлшекей» өнер мектебінде білікті ұстаз Зәуреш Хасановадан домбыраның қыр-сырын үйреніп жүр. Домбыра сыныбының бітіруші түлегі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары