$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара өтті

Қызылорда қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылды мерейтойы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фото: Elana.kz
Фото: Elana.kz

Салтанатты шараның ашылуында облыс əкімі, облыстық ҚХА төрағасы Қуанышбек Ысқақов өз лебізін білдірді.

Мерекелік шараға Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева құрметті қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ Байқоңырдан келген өнерпаздар сахнаға шығып, арнайы əзірлеген бағдарламаларын ұсынды. Шараның тағы бір ерекшелігі корей этнос өкілдерінің қазақтың ұлттық биін, түрлі этнос өкілдері «Сыр сұлуы» әнін әсем орындап, шырқады.

Тағылымды шара барысында облыстық ассамблея негізін қалауға атсалысқан Ге Хак Рим, Мотель Зелекович және Ассамблеяның құрылған жылынан бастап белсенді жұмыс істеп келе жатқан облыстық этномәдени бірлестік жетекшілерінің арнайы бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем Жалағаш ауданы Бұқарбай ауылы, Қармақшы ауданы III интернационал ауылдарындағы этнос өкілдерінің жолдаған жылы лебіздері тыңдалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары