$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирус: Ресейде егде жастағы 2 адам қайтыс болды

Сондай-ақ, созылмалы аурулардан зардап шегетіндерге ерекше сақ болу керектігі ескертілген.

Ресейде коронавирустан 25 наурыз күні кешкісін тағы екі адам қайтыс болды. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандардың саны үшке жетті деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Белгілі болғандай қайтыс болған марқұмдар 88 және 73 жастағы науқастар. Олардан анықталған COVID-19 инфекциясы өкпенің қабынуын тудырған. Одан бөлек, қарттардың жалпы жағдайының нашарлауына ағзасындағы өзге де аурулар әсер еткен. Екі пациенттің көз жұмғаны туралы SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша мәскеулік жедел штабтың ресми Telegram арнасы хабарлады. Сонымен қатар хабарламада жасы егде тартқан адамдар үшін оқшалану мен карантиннің өте маңызды екені айтылған.

Сондай-ақ, созылмалы аурулардан зардап шегетіндерге ерекше сақ болу керектігі ескертілген.

"Тәжірибе "тәуекел тобына" жататын тұлғалардың медицналық жүйеге жүктеме салатындығы мен көп жағдайда олардың арасында өлім-жітім көрсеткішінің жоғары екенін көрсетеді. Олар - 55 жастан асқан адамдар. Олардың денсаулығына қатысты ортақ проблемалары бар", - деді мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус