$ 444.22  476.38  4.82

«Абай-175»: Қызылордада әдеби - танымдық онлайн-кеш өтті

Аталған шара Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Әлемдік ойдың алыбы» тақырыбында әдеби - танымдық онлайн-кеш өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған шара Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Шара барысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова құттықтау сөз сөйлеп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары Айман Айтбаева мен Б.Байжанова ақын шығармашылығы мен зерттеулеріне тоқталды.

Кездесуге қатысушылар Абай мұрасыдағы сирек кездесетін кітаптармен, олардың ішінде 1936 және 1939 жылдарда шыққан латын графикасындағы басылымдарға ерекше назар аударды. Абай мен оның ұрпақтарының өмірінен айтылған қызықты деректерді қызыға тыңдады. Кітапханашылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кітапхана