$ 494.87  520.65  4.91

«Азбука жильяның» салмаған үйлерін «Экспо таун Успех» компаниясы аяқтайды

ЭКСПО көрме орталығынан небәрі 100 метр қашықтықта орналасқан «ExpoTown» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2014 жылдың күзінен бері тоқтап тұр. Жобаны жүзеге асыруы тиіс «Азбука Жилья» компаниясының басшылары салымшылардан жинап алған қаражатты құрылысқа емес, жеке бастарының қызығына жұмсап, ақыры елді тастап қашып кеткен болатын. Енді аталған компаниядан қалған проблеманы «Экспо таун Успех» құрылыс компаниясы шешіп көрмек. Астанадағы Есіл аудандық соты осындай шешім шығарып отыр.

«Азбука Жилья» басшылары үйді салмастан бұрын салымшыларынан 100 пайыздық төлем қабылдап, барлығы 3,5 млрд теңгені жинап алған. Алайда, құрылыстың тіпті, бірінші деңгейін де жүргізбей, осынау ақшаның таусылып қалғандығын мәлімдеген еді. Құзырлы органдардың тексерісінен кейін компания құрылыс жұмыстарына небәрі 175 миллион теңге жұмсағаны, қалғанын басшылар өз қалтасына басқаны анықталды.

Жиналған ақшаны жаратып тастағаны өз алдына, «Азбука Жилья» компаниясы құрылыс жүруі тиіс аймақтағы жер телімдерін де жеке тұлғаларға сатып жіберген. Ұзаққа созылған сот процесі нәтижесінде бұл сатылымдар заңсыз деп табылып, жер кері қайтарылды. Қазір «Экспо таун Успех» компаниясының өкілдері нысанға келіп, құрылыс жұмыстарын жандандыруға дайындалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары