$ 445.66  474.58  4.78

«Ұшайын десем қанат жоқ»: Иманғали Тасмағамбетов зейнеттік демалысын қалай өткізіп жатыр?

Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын.

Зейнет жасына толуына байланысты саясаттан кеткен Иманғали Тасмағамбетов демалысын бос өткізбеуге тырысып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы 27 наурыз – халықаралық театр күніне орай досы, белгілі режиссер, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовке жолдаған құттықтау хатында айтып өтті. Хат мәтінін Талғат Теменов Facebook-парақшасына жариялады. Хатта ел ағасы үйде текке жатпай, бір істі бастап жатқанын айтқан.

"Жан досым Талғат! Қалайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі Мерекелерің құтты болсын! Театр Күнін айтам.. Есіңде болар баяғыда сені ТЮЗ-ға басшы боп бар дегенде ат тоныңды ала қашып ең.. Енді бүгін театр екінші үйің болды.. Саған театрдың пайдасы тиді.. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан теңіз.. Біз де аман.. Москвадан шыға алмай қалдық... Күн де ауа райы да биыл ерекше. Өткен жолы жігіттер сұрап жатыр" деп едің.. Менен бәріне салем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де Творческий адам жасадыңдар.. Ең негізі мына кеселден аман есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым.. Ұшайын десем қанат жоқ. Аман есен бас қосуға жазсын! Аман бол досым! Құрметпен, Иманғали", - делінген жазбада. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары