$ 449.58  486.94  4.86

Қордай асуының айналма жолы осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі

«Батыс Еуропа Батыс Қытай» дәлізінің «Қордай асуының айналма жолы» учаскесінде биылғы жылдың аяғына дейін қозғалыс ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мәлімдегендей, қазіргі кезде топырақ жұмыстары толық аяқталып, төсеме қабаты әзірленіп, шағыл тас-құм қоспасынан жасалған табан цементпен өңделді, сонымен қатар, көлік тораптардан түсу жолдарында цемент-бетон жамылғыларын салу жұмыстары жалғасуда.

Бас мердігер АО «Дженгиз Иншаат» компаниясы. Жұмыс көлеміне Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай мен Благовещенка кенттерінің арасындағы жол учаскесінің құрылысы кіреді.

«Бүгінгі күні учаскеде көлік тораптарынан түсу және негізгі жолдарында бөгеме қоршаулар орнатылуда. Фундаменттер, бермалар (жол белгілерінің орындары) және жол белгілері жұмыс құжаттамасына сәйкес орнатылуда. Көпірлер мен жол өтпелердің аяқталуы 95 пайызға жетті. 4 көпірдің асфальт-бетон жамылғысы төселіп, 5 көпір асфальт-бетон жамылғысы төсеуге тапсырылды. 3 көпірдің жол төсемін гидрооқшаулау жөнінде жұмыстарын жүргізілуде. Аталған учаскенің барлық 12 көпірлеріндегі бөктерлері бекіту жұмыстары атқарылуда», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, су өткізетін құбырлар мен арналарды бекіткен тұстарында бекіністерді нығайту жасалуда. Демалыс алаңдарының цемент-бетон жамылғылары салынып, эстакадаларды бетондауға арналған қорама қалыптары орнатылды. Материалды әзірлеу бекітілген кесте бойынша толықтай жүргізілуде.

«Қордай асуының айналма жолы» 162-260 шақырым аралығындағы учаскесі ІІ техникалық категориялық етіп, жол үйіндісі мен жасанды құрылғыларды 4 жолақты І техникалық категориялық жолға лайықтап іске асырылуда екендігін атап өткен жөн. Құрылыс жұмыстарын 946 адам жұмылдырылған.

Сонымен қатар, машиналар ағыны мен апаттылықтың күрт өсуіне байланысты учаскені І категорияға дейін жетілдіру жұмыстарын бастау қажет. Осыған байланысты, Көлік және коммуникация министрлігінде жолды 4 жолақты І техникалық категорияға көшіру мәселесі қарастырылуда. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары