$ 448.15  483.46  4.86

Мамандар БҚО орман шаруашылығының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді

Аймақты зерделеу барысында ормандардың санитарлық жағдайына назар аударылған.

Батыс Қазақстан облысында Январцев және Чапаев орман шаруашылықтарының аумақтары мен оларға іргелес дала алқаптарына аэровизуалды тексеру жұмыстары жүрді. Арнайы шолу жұмыстарына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Аймақты зерделеу барысында ормандардың санитарлық жағдайына назар аударылған. Осы орайда төтеншеліктер орам соқпақтары (өртке қарсы жыралар) бойынша орман жолдары мен су қоймаларына кіреберістерді тазарту жұмыстары аяқталмағандығы, минералдандырылған (өртке қарсы) жолақтарды орнату жұмыстары толық көлемде жүргізілмегені, ормандарды қураған шөптен тазарту жұмыстары жүргізілмегені анықтады.

Жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және оларды сөндіру үшін бүгінгі күні 2966 адамнан тұратын 150 ерікті өртке қарсы құралымдар құрыған. Елді мекендерді күзету бойынша ЕӨҚ-ның қаруландыруында 102 су тасушы, 448 басқа бейімделген техника, 1701 ранецті өрт сөндіргіш, 105 мотопомп және 1546 басқа да бастапқы құралдар бар.

Кейбір жерлерде табиғи су көздеріне су алу үшін өрт сөндіру техникасымен кіреберістер қамтамасыз етілмеген. Орам соқпақтары өрт орнына техника мен жеке құрамның кіруі үшін қажет. Өрт сөндіру кезінде су көздеріне кіретін жолдар мен өтпе жолдар өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарына тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде өрт кезінде отпен қамтылған орман алаңына әсер етеді.

Аэровизуалды тексеру қорытындысы бойынша мүдделі органдармен бірігіп өртке қарсы шаралар кешені өткізіледі. Сонымен қатар, облыстық өртке қарсы штаб басшылығы Тасқала, Теректі, Бәйтерек аудандарын және облыс орталығын аэровизуалды тексеруді жүзеге асырды. Аэровизуалды зерттеу кезінде егістік және жайылымдық жерлерге көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ гидротехникалық құрылысты, Бәйтерек ауданындағы су қоймасы мен тоған суын толтыруды көзбен шолып тексеру жүзеге асырылды.    

Өрттерді болдырмау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті егіс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіріп жатыр. 

Біріншіден, дала жұмыстарына қатысатын барлық тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс.

Екіншіден, өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуын және қолдануға дайын болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс.

Үшіншіден, уақытша электр жарықтандырғыштар, ток және жоғарғы кернеулі электр желілері егін және орман алқаптарынан 100 м арақашықтықта орналасуы керек, дала қостары және егін алқаптары ені кемі 4 м жолақпен жыртылады және темекі шегуге арналған орын деген жазулары бөлінеді.

Төртіншіден, жұмыс жүргізу кезінде, егін алқаптары маңайында сондай-ақ жанында сабанды және шөпті өртеуге тыйым салынады.

Бесіншіден, жанар-жағармаймен толтыру және газ-электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу арнайы құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс және ені кемі 4 метр болатын жолақпен жыртылған, құрылыстардан 50 м және шөп, сабан, ток желілерінен 100 м арақашықтықта жүргізілуі тиіс. Жанармай құю жұмыстары кезінде қозғалтқыш өшірілуі тиіс. Түнгі уақытта машиналарға жанармай құюға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақыру керек. 

Осы орайда айта кетейік, өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, көктемгі уақытта құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты, ауылдық елді мекендерде, орман алқаптарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, үй жанындағы учаскелерде өрт саны ұлғаюда. Өрттің басым бөлігі бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің салдарынан (өткен жылғы шөп пен сабанды өртеу), ормандар отты ұқыпсыз пайдалану салдарынан да жанып тұрады. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (және соның салдарынан қоқыс пен шөптерді өртеу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (от жағу, темекі шегу және т.б.) байланысты. Облыс аумағындағы дала жерлері мен орман алқаптарының мониторингі қалыптасқан өрт қауіпті жағдайды болжауға көмектеседі, ол алдағы уақытта облыс халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары