$ 494.87  520.65  4.91

Супермаркетке немесе дүкенге барғандарға айыппұл салына ма?

Таймерденов болса, Алматыда тапсырыспен үйге жеткізетін дүкендердің көп екенін айтты.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Полиция қызметкерлері алматылықтарға үндеу жасады. Оған қоса, қажетті азық-түлікке үйден шықпай тапсырыс беруге шақырды. Бұл туралы брифинг барысында полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Қалалық полиция басшысы елде төтенше жағдайдың енгізілуіне және қалада карантин жариялануына байланысты азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Брифингке қатысқан тұрғындардың бірі "супермаркетке немесе дүкенге барғандарға да айыппұл салына ма" деп сұрады. Таймерденов болса, Алматыда тапсырыспен үйге жеткізетін дүкендердің көп екенін айтты. 

 "Қазір қаладағы дүкендердің 90 пайызға жуығы тапсырыспен азық-түлікті үйіңізге әкеледі. Егер азық-түлік дүкені немесе супермаркет алыс болса, үйге жеткізіп беруге тапсырыс беріңіздер", - деді Қанат Таймерденов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция