$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлдық тұрғындар төтенше жағдайдың алдын алуда

Оқиға куәгерінің айтуынша, балалардың өздері де қатты қорқып қалған.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы халық ішінде профилактикалық іс-шараларды үнемі жүзеге асырып, жергілікті тұрғындарға ерекше көңіл бөліп отырады. Мәселен, өткен демалыс және мереке күндері – 93, 3000 астам балықшыларды қамтумен өткізілді, - деп хабарлайды Sn.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өткізетін лекциялар мен әңгімелесулер, интерактивті сабақтар мен нұсқаулықтар судағы төтенше жағдайдың алдын алудың алғашқы жолы ғана. Сонымен қатар, Төтенше жағдай режимі кезінде алдын алу жұмыстарының нысандары өзгеріп, жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып, облыстың қауіпті су айдындарында рейдтер жүргізуге назар аударылды.

Мұндай төтенше жағдайларды петропавлдық тұрғындардың өздері де алдын алуға және болдырмауға тырысады. Оның бірден бір мысалы, петропавлдық Елена Пактың төтенше жағдайдың куәсі болуы. Ол үш баланың көлдің бетіне қатқан мұз үстінде ойнап жүргенін көрген.

«Мен серуендеуге шыққанда үш бала Есіл өзеніне батып кете жаздады. Өз көзіммен көрдім. Біреуі өзеннің екінші жағында, екеуі мұз үстінде көл ортасында ойнап жүрді. Көлдің ерігені көрініп тұрды, кейбір жерлерде су көрінген. Қазір қанша дегенімен көктем айы ғой. Мұз қатып тұрса да оның асты жылымық болады. Ойнап жүрген баланың бірі құлап кетті. Мен оны құтқарып үлгерем бе деп ойлап үлгергенше баланың өзі бас көтерді. Сонда да балаларға ақыл айтып, мұз үстінен алып шықтым. Ата-аналарына да, жергілікті Төтенше жағдайлар депатраментіне де ескерттім. Өйткені, мұндай жағдайдың алдын алу керек. Мәселен, ата-аналар балаларын көзден таса қылмаса, құтқарушылар көлдегі мұзды бақылауға алатын болады», - дейді Елена Пак.

Оқиға куәгерінің айтуынша, балалардың өздері де қатты қорқып қалған. Енді мұз үстіне шықпауға уәде беріп отыр.

Дәл осы күні осыған ұқсас оқиға Қызылжар ауданы Рассвет ауылының маңында Есіл өзенінде сол күні таңертең ерте орын алған. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаметінде тіркелді. Аталған ауылдың жергілікті тұрғыны Алексей көктемгі балық аулауға шыққан.

«Қауіпсіздік ережелерін елеместен, қысқы балық аулаудың барлық ережелері бойынша жылы киімде және қажетті керек-жарақтармен, бірақ – құтқару кеудешесіз мұзға шықтым. Жағадан шамамен 50 метр қашықтықты өткен кезде сәл қармен жабылған еріген мұз айдынына тап болдым. Бірақ маған жақын маңда жүрген Петропавл қаласының студенттері көмеккке келді» дейді ол.

Алексейге көмекке келген студенттер Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдылары мен білімін игере отырып, олар кедергі жасамай, оқиға орнына жүгіріп, құтқарудың ойтайлы тәсілін қолдана отырып, батып бара жатқан адамды мұздан шығарып алды. Жастардың бірі мұзға жатып, Алексейге жетіп қол ұшын созса, екіншісі оны аяғынан ұстап тұрған. Азамат құтқарылғаннан кейін аймақтық төтенше жағдайлар депатаментіне хабарланған.

Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің 19 жасар екінші курс студенті Никита Казаков пен Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің 20 жасар екінші курс студенті Дмитрий Есиковқа алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындарға барлық сақтық шараларын сақтау, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы халық ішінде профилактикалық іс-шараларды үнемі жүзеге асырып, жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Оның ішінде арнайы лекциялар мен әңгімелесулер, интерактивті сабақтар мен нұсқаулықтар шығарып, көше-көшелерге насихат жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары