Жаңалықтар 31.03.2020 сағат 17:20

Даниал Ахметов Өскемен мен Семей қалаларына ерекше шектеу түрін енгізбек (ВИДЕО)

Соғыс ардагерлеріне 600 000 тг, марапатталған тыл еңбеккерлеріне 100 000 тг, ал марапаты жоқ тыл еңбеккерлеріне 42 500 тг береміз.
Даниал Ахметов Өскемен мен Семей қалаларына ерекше шектеу түрін енгізбек (ВИДЕО)
Фото: Sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекеттік комиссиямен келісе отырып, Өскемен мен Семей қалаларында 2020 жылғы 2 сәуірде сағат 00.00-ден бастап, қосымша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шығу және кіру шектеледі, 15 бақылау-өткізу пункті қойылады. Сонымен қатар, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін "жасыл дәліз" ашылды.

Көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түнде тоқтайды. Тек қызметтік көліктерге рұқсат берілді. Бір апта ішінде қоғамдық көлік қатынасы қысқартылады. Кәсіпорындар өз қызметкерлерін жеке кесте бойынша жеткізетін болады.

6 сәуірден бастап, жеке көлік қозғалысы шектеледі. Күнтізбенің жұп күндері, көлік нөмірі нөлді қосқанда, тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері, көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді.

Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап, Өскемен, Семей аумағында тұрғындардың жүріс-қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы жүзеге асады.
І түрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмыс істейтін азаматтарға арналған.

ІІ түрі - әрбір отбасына беріледі. Ол арқылы аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруға болады. Рұқсат қағазының жасыл түсі - жұп күні, Ақ түсі - айдың тек, тақ күндері шығуға мүмкіндік береді.

2 сәуірден бастап, азық-түлік бөлімдерінен басқа, ірі сауда нысандарының қызметі тоқтайды. Мейрамханалар, дәмханалар, асханалар онлайн түрде тапсырыс алу, жеткізу режиміне өтеді. Қызмет көрсететін – сұлулық салондары, массаж орталықтары, сауналар толық жабылады", - делінген әкім парақшасындағы хабарландыруда.

 Оған қоса, хабарламада "жасы 70-тен асқан жерлестеріме, І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, үйден шықпауларын сұраймын. 2 сәуірден бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмекті үйлеріңізге жеткізетін боламыз. Әлеуметтік маңызы бар, азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена құралдарының 10 түрі кіретін 4 жинақ жасалды. Жеткізу аптасына 1 рет тегін болады" делінген.

"Жеңіс күніне арналған біржолғы төлемдерді беруді бастаймыз. Соғыс ардагерлеріне 600 000 тг, марапатталған тыл еңбеккерлеріне 100 000 тг, ал марапаты жоқ тыл еңбеккерлеріне 42 500 тг береміз.

Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Өскемен 200, Семей 202 шаршы аумаққа бөлінді. Коммуналдық және байланыс қызметтері үздіксіз жұмыс атқаратын болады", - деді Даниал Ахметов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар