$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте зейнеткер қаланың қақ ортасында қайтыс болды

Бүгін Шымкенттегі Ордабасы алаңында күндізгі сағат төрттер шамасында зейнет жасындағы ер азамат жүрек талмасынан көз жұмды.

Жаяу кетіп бара жатқан қарияның кенет денсаулығы нашарлап, жол үстіне құлап түскен. Сол маңдағы куәгерлер дереу жедел-жәрдем шақырғанымен, марқұм дәрігерлер келгенше жан тапсырыпты.

Әзірге белгілісі, қайтыс болған ер азамат 1947 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары