$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте мас болып, жансақтау бөліміне түскен 4 жасар сәби есін жиды

Шымкентте алкогольді ішімдік ішіп, аурухананың жансақту бөлімнен бір-ақ шыққан 4 жасар сәби есін жиды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазір кішкентай бала үйіне жіберілген. Ол екі күн бойы ес-түссіз, ауыр халде жатқан болатын. Дәрігерлер оның асқазанын шайып, бірқатар емдік шараларын жүргізгенін айтты. Қазір сәбидің денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ дейді олар.

"Кішкентай бала ауруханаға кешкі сағат жетілер шамасында келіп түсті. Оның жағдайы тым ауыр болатын, Бірқатар емдеу шараларын жүргізгеннен кейін сәби есін жиды. Бірақ, артынша комаға түсіп қалды. Біз екі тәулік бойы оны бақылауда ұстадық. Абырой болғанда науқас бала есін жиып, үйіне жіберілді. Енді денсаулығының және миының қалыпқа келуіне тек уақыт қана қажет. Ересек адамның өзі мас болғаннан кейін біраз уақыт есін жия алмай жүреді емес пе?!" дейді Орынбаев атындағы аурухананың бөлім меңгерушісі Бақытжан Айтымбетов.

Естеріңізге салайық, 4 жасар сәби 13 ақпан күні аурухана ауыр халде жеткізілген болатын. Ол үйде қараусыз қалып, тоңазытқышта тұрған спирттік ішімдікті ішіп қойған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары