$ 494.87  520.65  4.91

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың  батысында, солтүстік-батысында циклон және фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі.

Қазақстаның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен бірге желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы  15-20 м/с.-ке жетуі ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде  көктайғақ болады, жел күшейіп, екпіні - 15-20 м/с.-ге жетеді Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен  жел тұрады.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетуі мүмкін.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары