$ 494.87  520.65  4.91

Анкарада лаңкестік жарылыс болып, 28 адам қаза тапты

Түркия астанасында кеше лаңкестік жарылыс орын алып, салдарынан 28 адам қаза тапты. Тағы 61 тұрғын түрлі дене жарақаттарын алған деп хабарлайды Reuters Түркия үкіметіне сілтеме жасап.

Елдің қарулы күштері аталған оқиғаға теракт деген баға беріп отыр. Арнайы қызмет өкілдерінің айтуынша, лаңкестіктің артында екі ұйымның бірі тұруы мүмкін. Олар: Күрдтердің жұмысшылар партиясы немесе «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы.

Президент Реджеп Тайып Ердоған осы жарылыстан кейін өзінің Әзірбайжанға жасағалы отырған іс-сапарын кейінге қалдырды. Сондай-ақ, премьер-министр Ахмет Дуітоғлы да Брюссельге бармайтын болып шешті.

Айта кетейік, теракт қаланың әкімшілік ғимараттары орналасқан жерде кешкі қарбалас уақытта орын алған. Бұл маңда қарулы күштердің штаб-пәтері, парламент пен үкімет ғимараттары орналасқан. Жарылысты көлігіне жарылғыш зат тиеп алған жанкешті жүзеге асырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары