$ 447.4  477.55  4.76

Швециядағы Түркияның мәдени орталығында жарылыс болды

Стокгольм қаласының іргесіндегі түрік мәдени орталығында жарылыс болды деп хабарлайды ТАСС жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Ғимарат швед астанасының оңтүстік-батысындағы Бутширка елдімекенінде орналасқан. Жарылыс кеше кешке (Астана уақытымен түнгі 02:35 шамасында) орын алды. Салдарынан нысан айтарлықтай зардап шекті.

Абырой болғанда дәл сол күні орталық қызметкерлері жұмыстан ерте шығып, ғимаратты құлыптап кеткен екен. Соның нәтижесінде жарылыстан зардап шеккендер жоқ.Қазір оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп, мән-жайды анықтап жатыр. Полицейлер әзірге ешкімнен күдіктенбейтінін мәлімдеді. Жарылған заттың да не нәрсе екені енді анықталмақ.

Айта кетейік, кеше Түркия астанасы Анкараның орталығында да ірі жарылыс орын алып, салдарынан 28 адам көз жұмған болатын. 60-тан астам адам түрлі дене жарақаттарын алды. Ел билігі аталған оқиғаға теракт деген сипат беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары