$ 442.05  474.14  4.74

Маңғыстауда ер азамат ауыл әкімдігінің ғимаратын қиратып тастады

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында жергілікті тұрғын ауыл әкімдігіне шабуыл жасап, ғимаратты айтарлықтай бүлдірген деп жазады Tumba.kz. Оқиға ақпанның 15-нен 16-на қараған түні орын алған.

Ауыл әкімдігі ғимаратындағы шуды естіген сол маңдағы тұрғындар дереу полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары алдымен әкімдік қақпасының қирап жатқанын көріпті. Ішке кіргенде ғимарат терезелерінің сынғанын байқаған. Ал, нысан ішінде жүрген ер азамат бұл уақытта техникаларды қиратып үлгеріпті. Полицейлер оны ұстап, бөлімшеге алып кеткен.

Терегу барысында белгілі болғаны, бұзақы осы ауылдың 25 жастағы тұрғыны екен. Әкімдіктің қақпасын ол өзінің көлігімен қиратқан. Күдіктінің неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

Келтірілген шығын 1 690 000 теңгені құрап отыр. Ұсталған азамат қақпаны бұзып, терезелерді қиратып қана қоймай, бейнебақылау камерасын, компьютер мен мониторды, телефон аппараттарын және «Отау ТВ» қондырғысын сындырып үлгеріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары