Бүгін коронавирус анықталған науқас Ақтауға Қызылордадан іссапармен келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат прталы облыстық жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір 50 жастағы науқас уақытша тұрған үйдің бір подъезі (Ақтау қаласы, 11-шағын ауданы, 10 үй) карантинге жабылды. Онымен тікелей байланыста болған тұлғалар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталып жатыр.
Дәрігерлер Ақтау қаласының тұрғындарын карантин режимін сақтап, сақ болуға шақырады.