Жаңалықтар 04.04.2020 сағат 09:50

Түркістан облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

Жалпы 500 науқас тіркелді.
Түркістан облысында коронавирустан бір адам көз жұмды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 09.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелдi, Алматы қаласында - 16 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 7 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Түркістан облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 4 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 202 адам, Алматы қаласында – 109 адам, Қарағанды облысында - 26 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 9 адам, Шымкент қаласында - 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 23 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 500 науқас тіркелді", - делінген ресми хабарламада.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар