$ 498.34  519.72  4.85

«Су басып қалу қаупі тұр»: Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтен көмек сұрады

Сонымен бірге, облыстың 3 ауданы, Қызылорда қаласы аумағындағы 110 мың гектар суармалы, 250 мың гектар шабындық, жайылымдық жер сусыз қалады.

Бүгін Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бірнеше жылдан бері апатты жағдайда тұрған Қызылорда су торабының жұмысы тезірек басталмаса, қауіп күшейетінін айтты, деп жазады Азаттық рухы.

«Егер Қызылорда су торабы бұзылса, онда өңірдегі 38 елдімекенді су басып қалу қаупі тұр. Сонымен бірге, облыстың 3 ауданы, Қызылорда қаласы аумағындағы 110 мың гектар суармалы, 250 мың гектар шабындық, жайылымдық жер сусыз қалады», - деді ол.

Өңір басшысы Үкіметтен көмек сұрады.  

«Жобаның құны – 3,2 млрд теңге. Бұл жөнінде мемлекеттік сараптама бар. Енді жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2 жыл болғандықтан, ол жол картасына кірмей қалды. Өйткені, бірден ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. 500 млн-нан бөлінген қаржы суға сіңгендей болады. Сол себепті бірден 2 жылды қамтитын қомақты қаражат қарастыруымыз керек. Сонымен қатар, бұл жерде маусымдық мәселе бар. Мысалы, егін егу, егін жинау кезінде жұмыс істей алмаймыз. Тек күзде, егін біткеннен кейін бастауымызға болады. Сондықтан Экономика, Қаржы, Экология министрліктеріне осы бойынша тапсырма берсеңіз», - деп өтініш білдірді Г. Әбдіқалықова.

Премьер-министр Асқар Мамин аталған жоба бойынша қолдау білдіретінін айтты.

Жалпы, 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде республика бойынша 4 су торабында, 18 дренаж ұңғымаларында және 487 шақырым суару каналдарында қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#су тасқыны